Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Заңсыз салынған": Нұр-Сұлтанда 28 нысан сүріледі

Айта кетейік, биыл басқарма жоспардан тыс 354 тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтарды жою туралы 100-ден астам бұйрық шығарып, 345 хаттама жасаған.

 

"Заңсыз салынған": Нұр-Сұлтанда 28 нысан сүріледі
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласында заңсыз салынды деп танылған 28 ғимарат сот шешімі бойынша сүрілетін болды. Бүгінде "Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңсыз салынған нысандарды анықтау және оларды одан ары бұзу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуде. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында хабарланды. 

"Бұл ғимараттар заңсыз, мемлекеттік жерге жобалық-сметалық құжатсыз және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына ескертусіз салынған. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нұсқаулық алды. Алайда, заңбұзушылықтар ерікті түрде жойылған жоқ, соған байланысты сотқа талап арыздар берілді. Қазір соттың заңды күшіне енген шешімдері бойынша атқару парағы Нұр-Сұлтан қалалық Әділет департаментіне жіберілді", - деді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бердалин.

Айта кетейік, биыл басқарма жоспардан тыс 354 тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтарды жою туралы 100-ден астам бұйрық шығарып, 345 хаттама жасаған.

Өндірістік, тұрғын үй немесе шаруашылық нысандарына жер учаскесіне тиісті құқығы жоқ заңсыз құрылыс салғаны үшін жеке тұлғаларға 75 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Шенеуніктер, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК, орта бизнес үші – 150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін заңсыз ғимаратты бұзумен немесе онсыз 700 АЕК айыппұл салынады.