Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Бір тәулікте Шығыс Қазақстанда 39 дала өрті болды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста дала өрті жиілеген. Соңғы бір тәулікте облыс аумағында 39 өрт болды, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Бір тәулікте Шығыс Қазақстанда 39 дала өрті болды
Сурет: ашық дереккөз

 

Өрттердің ең жиі кездесетін себебі – тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып отыр. Мәселен, Семей қаласындағы Советская көшесінде тұратын азамат өз учаскесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып от жаққан. Соның салдарынан жалын көрші аумаққа тарап кетті. Тілсіз жау шаруашылық қора-жайға және 40 шаршы метр аумақта құрғақ шөпке жайылды.

"Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай от толық өшірілді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша 61 260 теңге сомасында айыппұл салынды", – делінген баспасөз қызмет таратқан ақпаратта.