Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматыда жұмысшыларды арматура басып қалды

Алматыда құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшыларды арматура басып қалған болатын. Осыған қатысты "BAZIS-A Corp." құрылыс компаниясы пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Алматыда жұмысшыларды арматура басып қалды

"BAZIS-A Corp." ЖШС еншілес кәсіпорны "Esentai Investment" ЖШС салып жатқан Estet болашақ тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында жұмысшылардың үстіне арматура құлап кеткен.

"Жұмысты қосалқы мердігер "Ab-Max" ЖШС жүргізді. Арматура қаңқасын орнату кезінде ол отырып, салдарынан қосалқы мердігердің төрт қызметкері медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады "BAZIS-A Corp." баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер бірден Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

"Зардап шеккен жұмысшылардың барлығы төтенше жағдай болған сәтте есін білген, көзге көрінетін жарақат болмаған. Медициналық тексеру нәтижесінде олардың терісі сыдырылып, көгеріп қалғаны анықталды, жұмысшыларды ауруханаға жатуқызудың қажеті болмады", - дейді компанияда.