Соңғы кезде Ерке Есмахан мен Қайрат Нұртастың бірге жиі суретке түсіп, отбасылық қуанышты сәттерде үнемі бірге жүргені жұртты алаңдатып қойды, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К.-ға сілтеме жасап.
Бұл жағдайға қатысты желі қолданушысының пікіріне әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жауап берді.
Әнші Instagram-ның сторисінде "Кел, сырласайық" деп әлеуметтік желі қолданушыларын әңгімеге тартқан. Солардың бірі "Қайраттың отбасын бұзбаңыз" деп жазып жіберіпті.
Ал Ерке Қайрат пен Жұлдыздың отбасында шаруасы жоқ екенін, екеуінің бақытты болып, бала-шағасының қызығын көруін тілейтінін айтты.
Ал болып жатқан сынақтарына менің еш қатысым жоқ екеніне куә бір Алла! Куә — Нұртас әулеті, Жұлдыз және Қайрат. Ал кейбір өсек қуғандар өздеріңе лас, пасық ойларыңызды маған тықпаңыздар,
— деп жазған әнші.
Сондай-ақ ол Қайратпен дос, әріптес, сырлас, бауыр екенін, ал анасы Гүлзирамен құрбы екенін айтқан.
Ал қуаныштарынан қалмай суретке түссем өз қалауым, сыйластығым. "Адамның күні адаммен" деген сөзді ұмытпайық. Қайраттан басқа жігіт табыңыздар енді маған,
— депті Ерке.