"Аллаға шүкір деңіздерші": Жазира Байырбекова Қазақстанды Египтпен салыстырды

Жазира Байырбекова Египет еліне саяхат жасады. Әнші жергілікті халықтың жағдайын көріп, қазақстандықтардың тұрмысы әлдеқайда жақсы екенін алға тартты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Аллаға шүкір деңіздерші": Жазира Байырбекова Қазақстанды Египтпен салыстырды

Айтуынша, біздің елде кедей халық болмауы үшін басшы әділетті, ал жұрт еңбекқор болуы керек.

"Египетте адам саны 100 млннан асады. Каир қаласының өзінде 20 млн халық тұрады екен. Үйсіз отбасы көп. Cудың жағасында қайықта бала-шағасымен тұрып жатқандарды да көрдік.

Қазақстан ексең егінін беретін, өсірсең малы өсетін, қазсаң мұнайы шығатын берекелі жерге орналасқан. Әділетті басшы, еңбеккор халқы болса бізде кедей отбасы болмайды. Аллаға шүкір деңіздерші", - деп жазба қалдырды Байырбекова желідегі парақшасында.