Павлодарда үш жасар қыз балабақшадан шығып, жоғалып кетті. Әжесі бүлдіршіннің алдынан шығып үлгермеген, деп хабарлайды Paryz.kz, Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
7 сәуір күні сағат 17:53-те полицияға үш жасар қыздың жоғалғаны жөнінде хабар келіп түсті. Оқиға орнына полицейлер жедел жетіп, жаяу қызметкерлерге хабар берілді. Ақырында бүлдіршін дүкеннен табылды.
"Павлодар тұрғыны немересін балабақшадан алып кетуі керек болған. Қыз әжесін күтпестен, бақшадан жүгіріп шығып, үйіне қарай бет алған. Жолдан дүкенге кірген, сол жерден табылды", - деді подиция басқармасының инспекторы Бибігүл Қамзина.