Көйлектерін көтеріп, арттарын күртешелерімен жапқан екі бойжеткен тал-түсте тұрғындар демалатын қоғамдық орынды былғады, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К.-ға сілтеме жасап.
Оқиға Алматыдағы ықшам аудандардың бірінде болған.
Newscorr-ға жолданған видеода көпшілікке арналған демалыс орнында екі жігіт, екі қыз — төрт адамның шүйіркелесіп тұрғаны байқалады. Жастары жиырманың ар жақ бер жағындағы төртеудің мас екені анық көрініп тұр.
Ал екі қызды дәрет қысса керек. Жігіттермен ақылдаса бастады. Ал жігіттері тығырықтан шығудың ең оңай жолын ұсынды. Ешкімнен қымсынбастан екі бойжеткен көйлек-көншектерін шешіп отыра кетті. Ал жігіттің бірі олардың әбүйірін жауып, арт жақтарын күртешелерімен жауып қойды.
Бейнежазба авторы: ардан безгендер тіпті жан-жақтарына қарап, әжетхана, болмаса қалқа боларлық жер іздеуге де тырыспады дейді.
Еске салсақ, мұндай қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушыларға заң бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады болмаса 15 тәулікке дейін қамауға алынуы тиіс.