Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Оқушыларға ораза ұстауға бола ма?

Рамазан айы басталмас бұрын ұстаздар мен ана-аналар және әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары «Оқушыларды ораза ұстауы қаншалықты орынды?» деген сұрақты талқылаған болатын. Осы сұраққа Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы жауап берді деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқушыларға ораза ұстауға бола ма?

ҚМДБ өкілінің Facebook парақшасында жазуынша, балиғат жасына жетпеген балаларды ораза ұстауға мәжбүрлеудің қажеті жоқ.

«Біріншіден, шариғатымыз бойынша балиғат жасына жетпеген жас балаға ораза ұстау – парыз емес. Бұл туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Үш адамнан қалам көтерілді: айыққанға дейін жын түрткен адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан».

Біз бұл хадистен балиғатқа толмаған жас балаға құлшылық жасау, оның ішінде ораза ұстау міндет емес екенін түсінеміз.

Екіншіден, балиғатқа және кәмелетке толмаған жас баланың ораза ұстау кезінде оның организмінде әлсіздік, дәрменсіздік пайда болуы мүмкін», –  А.Қонарбайұлы.

Сондай-ақ ол ата-аналарға кеңес берді. Оның пайымдауынша, ораза ұстау баланың білім алуына, зейініне кедергі келтірмеуі керек.

«Кез келген құлшылық, оның ішінде ораза толыққанды білім алуға, тиянақты жұмыс істеуге кері әсер етпеуі керек. Оразаны себеп етіп, әркімнің өзіне жүктелген жауапкершілігіне немқұрайлы қарауына болмайды. Өйткені, әр адам сауап амалды өзі үшін орындайды.

Үшіншіден, ата-аналардан балиғат жасына жетпеген балаларды ораза ұстауға мәжбүрлемеуді сұраймыз», – деді ҚМДБ өкілі.