Павлодар облысының тумасы, өнерпаз, блогер Алексей Лодочников Қазақстанға көшіп келе жатқан Ресей азаматтарына Instagram-дағы парақшасында видеоүндеу жолдап, мемлекеттік тілде амандасып, сөйлеуді үйрену керектігін айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазбада блогер «Здравствуйте, салам» емес, «Сәлеметсіз бе!» деп амандасу керектігін, Қазақстанның валютасы «тэнгэ» емес, «теңге», ал Президенті «Такаев» емес, «Тоқаев» деудің дұрыс екенін айтқан. Сондай-ақ ол жазбаның астына көп адамның өзіне хабарласып, қазақ тілін үйренуге ниеттеніп жатқанын атап өтті.
Оған aleksandrbaev1904 аккаунтын қолданушы жауап та жазған.
«Googl Play-ді жүктеп алдым. Қазақ тілін үйренгісі келетіндер Tilqural-ды жүктеп алса болады. Өте жақсы», – деген жазба қалдырған ол.