Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Шымкент әкімі халықпен кездесуді тойханада өткізді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықпен кездесуді тойханада өткізді. Сонымен қатар әкім халықпен әр тоқсан сайын кездесетінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкент әкімі халықпен кездесуді тойханада өткізді
Сурет: Stan.kz

Мұрат Әйтенов пандемия салдарынан халықпен кездесудің сиреп кеткенін айтты. 

"Бұрын әкім халықпен жылына бір рет қана кездесетін. Биылдан бастап тоқсан сайын есеп беріп отырамын. "Бұған дейін неге істемедіңдер, енді неге халықпен кездескеш болып қалдыңдар" деп көбі айтуы мүмкін. "Екі жыл бойы ковид болды. Тіпті туысқандарымызбен араласа алмай қалдық. Енді соның орнын толықтырамыз", – деді М.Әйтенов. 

Ол кездесу неліктен тойхана ғимаратында өтіп жатқанын түсіндірді.

"Енді тойхана халықтың жері ғой. Әрі барлық мүмкіншілігі бар. Кең, жарық, әдемі. Көп халық сияды. Сондықтан халықпен кездесуге тойхана ыңғайлы".