Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент қызметкерлері шетелдік азаматқа қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады. Шетел азаматы Қазақстанға 22 тонна контрабандалық темекі кіргізген, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі контрабандалық темекінің Қазақстан аумағына "жалған транзит" жүйесі арқылы кіргізілгенін мәлімдеді.
"Алдын ала құрылған қылмыстық жоспар бойынша қылмыскер темекі тиелген жүк көлігін жүргізген. Ол Қазақстан аумағындағы "Құрық" порты арқылы Әзірбайжаннан келген тауарды Ауғанстанға жіберетіні туралы айтқан. Алайда азамат Алматы облысы аумағында тауарды заңсыз түсірген жерінен тұтқындалды", – деп түсіндірді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң барлық материалдар сотқа жіберіледі. Тұтқынға алынған шетел азаматы экономикалық контрабандамен шұғылданғаны дәлелденген.