Түркістан облысында сүндет тойға кірген жылқы жануары бірнеше қайтара ортаны айналғанда дәрет сындырып, көпшілікті шошытты деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Желіні қолданушылар видеоға қатысты өз ойларын айтып, тойханаға жылқыны әкелген адамдарды сынады.
Соның ішінде белсенділері: «Осындай көрсетілімнің не керегі бар, қашан біздің қазақтар ел қатарлы өмір сүруге үйренеміз, осы не әдемі ме екен», «Бұл қазаққа не болып кеткен. Құр даңғазлыққа құмармыз», «Сауап бопты!», деген жазбалар қалдырған.