Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Бәлеге қаламын": Әкім әкесінің атымен ауылдық округті атаған

Қазақстанда облыс пен аудан әкімдері болған немесе қазір де сол қызметте жүрген азаматтардың әкелерінің аты берілген көше мен ауылдар  көбейіп кетті деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бәлеге қаламын": Әкім әкесінің атымен ауылдық округті атаған

Мысалы, бір Қызылорда облысының өзінде өңір басшылары болған азаматтардың әкелерінің «құрметіне» бірнеше көше, тіпті бір ауылдың атын берілген.

Облысқа қарасты Жаңақорған ауданында Мәшбек Нәлібаевтың атымен аталатын ауылдық округ бар. Жамбыл облысының қазіргі әкімі бұл туралы былай деген еді.

«Ол ауылдың аты басқа болған. Сол ауылда осы мәселе көтерілген. Мен болмайды, аыулыдң атын ауыстырмаңдар деп айтқанмын. Ертең бәлеге мен қаламын дедім. Бірақ халық пен облыс басшылары қолдап, ауылға әкемнің аты берілді», – деді Бердібек Сапарбаев.