Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жас келіннің өз тойында өртеніп кете жаздағаны рас па?

Жұрт бұл оқиғаның той ма, әлде бір комедиялық фильмнің үзіндісі екенін де түсіне алмай жатыр, - деп хабарлайды Paryz.kz, Alashainasy.kz-ке сілтеме жасап. 

Жас келіннің өз тойында өртеніп кете жаздағаны рас па?

Той көйлегімен селфи жасап тұрған жас келін ақ орамалының тұтана бастағанын байқамай қалған. Ал қонақтар флешмоб жасаумен әуре боп жүр.

Newscorr-ға түскен бейнежазбада кәдімгідей үйлену тойы болып жатыр. Дастархан шетіндегі меймандар болса түсініксіз би қимылдарын жасап, біртүрлі ән салады.

Кадрде селфилетіп жатқан келіннің фатасы өртене бастады. Бірақ оны өзі сезіп тұрған жоқ.

Аузы ашылып абдырап қалған күйеу жігіт болса, жанындағыларды көмеккке шақыруға шамасы әзер жетті.

Қызыл жалын өрши бастағанда жас келіннің артында тұрған қонақтар өрт шалған жерге шапан жауып үлгерді.

Артынша арнайы өрт сөндіргіш құралы да табылып, жас келінді аман алып қалды.