Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Жылаған дауыс естілді": Анасы үйін балаларымен бірге өртеп жібрмек болды

Түркістан облысында көпбалалы ана ішіндегі заттарын сыртқа шығарып үйін өртемек болған. Аталған жағдай орын алғанда оның 4 баласы үй ішінде болған. Әйел бұндай әрекетке кедейшілік салдарынан барғанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Жылаған дауыс естілді":  Анасы үйін балаларымен бірге өртеп жібрмек болды

Желіде тараған видеода балалардың жылаған дауысы естіледі. Әйел өзінің бұл әрекетін кедейшілік пен адамдардың қысымы салдарынан деп түсіндірген.

Түркістан облысы полиция департаментінің айтуынша видео әлеуметтік желіге тарағаннан кейін әйел мен балалардың жағдайын білу мақсатында Жетісай ауданының прокуратура қызметкерлері оқиға орнына барған.

Тексеру барысында оқиғаның ағымдағы жылдың 28 наурызында болғаны анықталды. Қазір балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт дереу сөндіріліп полицейлер әйелге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда әйелдің отбасы құзырлы органдар бақылауында.