Былтыр тәжірибе ретінде енгізілген «жазғы мектеп» биыл да жалғасады деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова айтты. Оның айтуынша, жазғы мектеп пандемия кезінде оқу үлгерімі нашарлаған оқушыларға арналған.
«Жазғы мектептегі сабақ 1-8 және 10-сынып оқушылары үшін 26 мамырдан 17 маусымға дейін болады. Ал 9 және 11-сынып оқушылары сол кезде мемлекеттік емтихандар тапсырады. Жазғы мектептің мақсаты – оқу пәндері бойынша оқушылар арасындағы білім алшақтығын жою. Оқушылар өз білімін әр бағыт бойынша жетілдіріп, көтеріп алады. Әр мектеп өзіне ыңғайлап сабақ кестесін жасайды. Сабақтар ақысыз болады», – деді Гүлмира Каримова.