Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкентте өнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған жоспарлар жүзеге асып келеді

Шымкентте халық саны бір миллионнан асып, елдегі мегаполис қатарына қосылғанына төрт жыл болды. Қазір қала бес жылдық даму жоспары аясында көркейіп, түрлі салада жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Мәселен былтыр Шымкентте пайдалануға берілген тұрғын үй аумағы 2020 жылмен салыстырғанда 63,6%-ке өскен.

Шымкентте өнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған жоспарлар жүзеге асып келеді

Өнеркәсіп саласында қалада былтыр 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды, жаңадан он өнеркәсіп нысаны іске қосылған. Бұған дейін ел президенті 2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсібін бір жарым есеге арттыруды тапсырған. Соған орай қалада екі индустриалды аймақты ашу жұмыстары басталған. Оның бірінде металлургия, фармацевтика, құрылыс заттары шоғырланады. Қалада 60 заманауи кәсіпорынды ашуға 200 миллиард теңге бөлінбек. Қаладағы кәсіпорындарға инвесторлар да қызығушылық танытып отыр. Қазірдің өзі 100 миллиард теңгеге инвестициялық жобалар жасақталған. Екінші индустриалды аймақта шағын және орта бизнес субъектілері шоғырланбақ. Заманауи қойма, шағын өндірістік цехтардың жұмысына басымдық беріледі. Мұнда 180 миллиард теңгені құрайтын отыз жоба іске асады деп жоспарланған, деп мәлімдеді қала әкімдігі. Нәтижесінде төрт жарым мыңға жуық адам үшін жаңа жұмыс орны ашылады. Осылайша шикізат емес экспорт көлемін 2021 жылғы нәтижені бір жарым есеге арттыру көзделген. Шикізат емес секторда бес жылда 608 миллиард теңгеге жаңадан 62 жоба іске асады. Жеңл фармацевтика, киім, машина жасау өнеркәсібі салаларында жаңадан 30 өнім экспортталады деп жоспарланған.

Былтыр Шымкентте ауыл шаруашылық саласында 29 гектар жерге егістік егілді. Одан 85 мың тонна өнім жиналған. Саланы қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 130 кәсіпкерге 2,6 миллиард теңгеге субсидия бөлінді. Былтыр 14 жаңа жобаны іске қосу үшін миллиардтаған қаржы бөлінді. Нәтижесінде төрт жүзге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Агроөнеркәсіпте де қалада екі индустриалды аймақ ашу ісі қолға алынды. Біріншісі – ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге бағытталған Бозарық тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Мұнда құрылыс жұмыстары басталған. Мұнда 21 жоба іске аспақ, нәтижесінде мыңнан аса адам жұмысқа орналасады.

Екіншісі – 198 гектарға заманауи жылыжай кешені аймағын құру. Мұнда алты жоба іске асады, нәтижесінде 200-ден көп адам жұмысқа тұрады. Нәтижесінде бес жылда қаладағы ауыл шаруашылығы көлемі екі есе артады. Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау да назард, қазір қалада алты қойма болса, тағы төрт қойманың құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ 2025 жылға дейін жем-шөп бойынша шығынды азайту үшін 248 миллион теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Шымкентке инвестиция тарту бойынша бес жылдық жоспар аясында 2,6 триллион теңгеге 282 жобаны іске асырып, 20 мың жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр. Бұл жоспарғды орындауға жасалып жатқан жұмыстар да көзге түсерлік: мысалы 2021 жылы 2020 жылға қарағанда қалаға тартылған инвестиция көлемі 55%-ке артқан. Осылайша, 10,4 миллиард теңгеден асты.

Қалада «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8,9 миллиард теңге бөлінген. Соның аясында 1900-ден астам жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2021 жылы 9 миллиард теңге бөлінген.

Сондай-ақ «Мен кәсіпкер боламын» жобасы мен әйелдер, жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жергілікті іс-шаралар іске асып келеді. Соның аясында он миллион теңгеге дейін 1%-пен шағын несие беру қарастырылған. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен бір жылда 1,1 миллиард қаржы бөлінген.

Білім саласына келер болсақ, бұған дейін ел президенті 2025 жылға дейін мың мектеп салуды тапсырды. Оның ішінде әрбір оныншы, яғни 101 мектеп Шымкент қаласында салынады. Былтыр 32 мектептің құрылысы жүргізілді, 25 мектеп пайдалануға берілді. Ол жерде 11 мыңнан астам бала білім алады. Нәтижесі апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіліп, үш ауысымда білім беретін 14 мектепт саны тоғызға дейін азайды. 2025 жылы Шымкентте үш ауысымды мектеп пен мектебі жоқ шағын аудандар мәселесі толық шешіледі.

Сондай-ақ былтыр 500 балаға арналған Оқушылар сарайының құрылысы басталған.

Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету саласы назарға алынды. Қазір медицина мекемелерін қажетті құралмен жабдықтау 81%-ті көрсетеді. Сондай-ақ медицина мекемелері 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Бес медицина мекемесі инвесторлар қаржысы есебінен ашылды.

Әлеуметтік салада басты мәселенің бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту. Мысалы 2021 жылы «Еңбек» бағдарламасы арқылы 32 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Экономика саласында 24 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Соның арқасында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны бір жылда 36 мыңнан 11 мыңға дейін азайды.

Спорт саласында да қала әкімдігі жағдай жасап отыр. Былтыр қалада 115 спорт алаңшасы салынды. Сондай-ақ он мыңға жуық бала спорттың 14 түрі бойынша тегін секцияға қатысып келеді.

Қорыта айтқанда, Шымкентте 2025 жылға дейін әлеуметтік, экономикалық саланың дамуын көздейтін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының басым бағыттар бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.