Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Қажылықты өтегісі келген қазақстандықтар туристік компанияға наразы

Сауд Арабиясының Медине қаласында кіші қажылыққа барған 50 шақты отандасымыз «Qazaq Travel» туристік компаниясының орналастырған жеріне көңілдері толмай, шу шығарды деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қажылықты өтегісі келген қазақстандықтар туристік компанияға наразы

Олардың айтуынша, «Qazaq Travel» компаниясы қажыларды келісімшартта көрсетілген қонақүйге емес, ешқандай жағдайы жоқ, адам тұрғысыз жерге жатқызған. «Qazaq Travel» компаниясының маркетологы Қарлыға Темірғали қонақүйге қатысты шу шыққанын растап, өздері алданып қалғанын айтты.

«Карантиндік шектеулер алынғаннан кейін қажылықты өтегісі келген отандастарымыз көбейді. Көп қонақ үйлер әлі ашылған жоқ. Медине қаласындағы Пайғамбар мешітін кеңейтуге байланысты бірнеше отельдер бұзылды. Сондықтан ол жерде қазір қонақ үй аз. Бұл – бірінші себеп. Екіншіден, бізбен бірігіп жұмыс істейтін сол жақтағы компания салғырттығы салдарынан қонақүйлерін тауып бере алмай қалды. Біз оларға әдемі фотоларына сеніп, алданып қалдық. Басшыларымыз Мединеге ұшып кетті. Қазір сол жақтан өз қаражатымызға жөні түзу қонақ үй таба алмай жатырмыз», – деді Қарлыға Темірғали.

Умраға аттанған әр азамат компанияға 650 мың теңгеден берген. Қазір қажылардың наразылықтарын білдірген бейнежазбасы желіде қызу талқыланып жатыр.