Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы әуежайында полицияның әлдекімді ұрғаны видеоға түсіп қалды

Ол Алматыдан Қостанайға тиісті рейспен ұшқан.

Алматы әуежайында полицияның әлдекімді ұрғаны видеоға түсіп қалды
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде форма киген азаматтың басқа ер адамға қол көтерген видеосы тарап кетті. Бұл оқиғаға қатысты Көліктегі полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz, nur.kz-ке сілтеме жасап.

Видео Instagram желісіндегі kris_p_kz пабигінде жарияланған. Ролик авторы оқиға Алматыда болғанын айтады. Аталған ақпаратты Көліктегі полиция департаменті растады. Белгілі болғандай, 2 қарашада Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне FlyArystan әуекомпаниясының өкілінен №8 шығу есігіне полиция жасағы қажет екені туралы хабарлама келіп түскен. Онда ішімдікке "тойып алған" азамат болған екен. Ол Алматыдан Қостанайға тиісті рейспен ұшқан.

"Құқық бұзушы полицейлерге берілді. Тексеріс барысында көліктегі полицейлер бұрын бірнеше рет істі болған Қостанайдың 1984 жылы туған тұрғынын анықтады", - деді Полиция департаментінде.

Азамат полицияның кезекші бөліміне жеткізілген. Алайда ол өзін агрессивті ұстап, дөрекі сөздер айтып, тәртіп сақшыларына қарсылық танытқан. Полицейлер оған физикалық күш пен арнайы құралдар қолданған.

"Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ер адамда орташа дәрежеде алкогольдік масаңдық анықталды", - деді департамент өкілдері.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізілген, құқық қорғау органдарының беделін түсіретін іс-әрекетті жасағаны және қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылған деп атап өтті ПД.

Алматы әуежайының лауазымды тұлғаларына, ПЖБ-ның тағы 8 қызметкеріне қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.