Петропавлда әлеуметтік желі қолданушысына айыппұл салынды. Ол негізгі фотосурет ретінде террористік ұйымның символикасын қолданған, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қаңтар айының соңында мессенджерлерді бақылау барысында СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері негізгі фотосуретте өз аккаунтының профилінде террористік ұйымның діни символикасын орналастырған 52 жастағы желі пайдаланушысын анықтады.
Аталған материалдар дінтану сараптамасына жіберілді. Қорытындыға сәйкес қала тұрғыны орнатқан сурет террористік сипаттағы материал болып табылады және ҚР аумағында таратуға тыйым салынған. Аталған факті бойынша әкімшілік материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
"Солтүстік қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотының қаулысымен әйел Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді", - деді СҚО полиция полковнигі Руслан Жарасбаев.
Ведомствоның баспасөз қызметі ер адамға 20 АЕК яғни 61 260 теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтты. Жыл басынан бері СҚО-да әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін алты әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелген.