Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Торғайлық белсенді әлеуметтік желіде шенеуніктердің масқарасын шығарды

Торғайлық белсенді Ербол Бекбосын өзінің Facebook-тегі парақшасында жергілікті шенеуніктердің масқарасын шығарды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Торғайлық белсенді әлеуметтік желіде шенеуніктердің масқарасын шығарды

Оның айтуынша, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Whatsapp мессенджеріндегі статусына «Я за Z» деп жазса, сол ауданға қарасты Ақшығанақ ауылының әкімі сексуалды мазмұндағы жазба жариялаған.

«Торғайда қайдан даму болар дейсіздер. Аудан басшылығының істеп отырғаны мынау. Жангелдин ауданы әкімінің орныбасары Бидашев Дінмұхамет Серікұлы орыс пен украин халқының аражігін бөліп, орыстарды қолдап отыр. Ал Ақшығанақ ауылдық округінің әкімі Сабыржанов Жарқын сексуалдық ақпаратты жариялап отыр», – деген ол, жазбасына аудан әкімдігінен бастап, облыс әкімдігін, Бас прокуратураны, Ішкі істер министрлігін, Қостанай облыстық Полиция департаментін тегтеп шыққан.

Бұл ретте белсенді аталған мемлекеттік органдардан жергілікті екі шенеунікке қатысты шара қолданып, айыппұл салуды сұрап отыр.