Ақмола облысындағы блок-бекеттерде автокөліктер тұрып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Мәселен, Нұр-Сұлтаннан шыға берісте 110-ға жуық көлік кептелісте қалып қойған. Осыған байланысты құтқарушылар алыс жолға шықпауды сұрайды.
ТЖД мәліметінше, Аршалы ауданында Нұр-сұлтан-Қарағанды қаласы бағыты бойынша автожолдың жабылуына байланысты елордадан шыққан кезде 110-ға жуық көліктің тұрып қалғаны байқалған. Құтқарушылар мен полицейлер жолаушылар және жүргізушілермен төтенше жағдайларды болдырмау үшін елді мекенге оралу қажет екені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген. ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, қатты жел мен бұрқасын салдарынан жолды тазарту жұмыстары жалғасуда және жолды тазалау қиынға соғуда.
Сонымен қатар, Қарағандыдан Нұр-Сұлтанға шығар жерде 235-ке жуық көліктің қалып қойғаны анықталған.