Наурыздың 20-сы күні Оралда 32 жастағы жігіт автокөлік қызметі аумағындағы көше дәретханасының шұңқырына құлап кеткен. Күкіртсутегіне уланған ол көп ұзамай қайтыс болды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkestan.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккен адамды шұңқырдан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты.
Денсаулық сақтау басқармасы көше дәретханасына құлаған ер адамның қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.