Президент Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады (ВИДЕО)

Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген президент ”Астана” алаңында өтіп жатқан мерекелік шараға арнайы барды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Президент Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады (ВИДЕО)

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Наурыздың ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін мереке екенін атап өтті.

 Еске салайық, осыған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің Алматыдағы салтанатты шараға қатысатыны жайлы айтып еді. Сондай-ақ, оның сөзінше, Тоқаев білім беру, спорт және сауда нысандарын араламақ.