Алматы облысы Талдықорған қаласындағы №4 мектепте болған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туған оқушы мұғаліммен қатты дауыспен, балағат сөздер айтып сөйлескен. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған. Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған. Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады. Айта кетейік, мұғалімдерге деген мұндай көзқарасқа жол берілмейді. Тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балалармен қоғамда өзін қалай ұстау керегі туралы әңгімелер жүргізуі маңызды» – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі фейсбуктегі жеке парақшасында.
Желі қолданушылар ұстаздың жағын толық қолдады.
"Мұндайларды шығарып жіберіп екінші рет ешқайда оқуға алмайтындай жасау керек. Жүрсін оқымаған болып қара жұмыс жасап", "Мектептен кетіру керек мундай балаларды,басқа балаларға зиян болады", "Ата анасын шакыртып кешірім сұратып, штраф салу керек", - деп жазды желі қолданушылары.