Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әженің ағылшын тіліндегі батасы желіні таң қалдырды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде жаңа түскен келіннің босаға аттағаннан кейінгі рәсімін жүргізген әженің видеосы тарады деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz.-ке сілтеме жасап. 

Әженің ағылшын тіліндегі батасы желіні таң қалдырды (ВИДЕО)
Сурет: Sputnik Қазақстан

Видеода бір қолымен май, бір қолымен түтіндеген адыраспан ұстап, келінге өзін таныстырып жатқан егде жастағы әйел келініне ағылшын тілінде бата береді.

«40 жылдан бері ағылшын пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. Бақытты болыңдар! Үбірлі-шүбірлі болыңдар», – деді ақжаулықты ана ағылшын тілінде.

Осы сәтке куә болып отырған жігіттің туған-туыстары қыран-топан күле жөнелді.  Енді ғана босаға аттаған келін басын изеп, риза кейіппен оң қолына май алып, жанып жатқан адыраспанға тастады. Түтінге қолын тосып, бетін сипады.

Ағылшын тілінде сайраған апа «Адал келін бол! Бақытты болыңдар» деп қазақ тілінде де тілегін айтты.

Үлкен кісінің қазақы рәсім кезінде ағылшын тілінде сөйлеуіне не себеп болғаны белгісіз. Бірақ біз жаңа түскен келіннің ағылшын пәнінің мұғалімі болуы мүмкін деген ойға келдік.

Желі қолданушылары видеодағы рәсімнің табалдырықта жасалуы керектігін айтты. Сондай-ақ келіннің үлкен адамға тік қарап, орнынан тұрмай қойғанын да сынға алды.

Олар «Бұл апа Түлкібастағы Жаскешу ауылында тұрады», «Келіннің отырып алғаны несі?!», «Апа жараған» деп жазды.