Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Тілді өзім үшін үйреніп алдым» - павлодарлық Алексей желіні тәнті етті

Павлодар облысының тумасы, өнерпаз Алексей Лодочников Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Геннадий Зюгановтың Қазақстанға қатысты аты-шулы мәлімдемесіне жауап берді деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz.-ке сілтеме жасап. 

«Тілді өзім үшін үйреніп алдым» - павлодарлық Алексей желіні тәнті етті
Сурет: Turkystan.kz

Ол отандасымыз Александра Мыскинаның «Қазақстан – менің Жерұйығым!» флэшмобын жалғастырып, қазақ және орыс тілдерінде  патриоттық сезімін жеткізуге тырысты.

Қазақ тіліндегі бейнежазбада ол: «Соңғы уақытта Ресей Парламентінің депутаттары Қазақстанда орыс ұлтының өкілдерін қазақ тілін үйретуге мәжбүрлеп жатыр деп еш дәлелсіз айыптау мәлімдемелер жасап жатыр. Бұл – қате пікір. Біз онымен мүлдем келіспейміз», – деп жанында тұрған Кристина есімді орыс қызынан осы мәселе жөнінде пікірін сұрады.

Кристина Алексейдің «Бізге Ресей керек пе?» деген сұрағына «Бізге Ресейдің керегі жоқ. Бізде бәрі күшті! Мені қазақ тілін үйренуіме ешкім мәжбүрлеген жоқ. Мен өзім үшін үйреніп алдым», – деп жауап берді.

Орыс тіліндегі бейнежазбада жас өнерпаз Зюганов пен Жириновскийге өздеріне түсінікті тілде үндеу жолдап, Қазақстанда орыс халқының жақсы өмір сүріп жатқанын, мемлекеттік тілді үйренуге ешкім мәжбүрлеп жатпағанын, қазақ тілін білу әрбір азаматтың міндеті екенін айтты.

«Қонақ қана өзі тұрып жатқан елдің тілін білмейді. Карл Маркс», – деді ол сөзінің соңында.