Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде шетелдік жұмыскерлер санын қысқартуда

2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарламаны министрлік үш негізгі бағыт бойынша жүргізеді. Олар – жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстары дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау, деп мәлімдеді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізде шетелдік жұмыскерлер санын қысқартуда
Сурет: ашық дереккөз

 

"Біздің қатысуымызбен барлығы 33 іс-шара қарастырылған. Оның 16-сы тікелей министрлікпен жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық көлемін төмендету, 2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді", – деді министр.

Оның айтуынша, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс шеңберінде еңбекмині фрилансерлер қызметін цифрлық форматқа көшіру мақсатында "платформалық жұмыс" электрондық сервисін әзірлеуде. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін түрлі платформада оңай тіркеуге, қажетті мамандарды тез табуға, еңбек құқықтарын қорғауға және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, Серік Шәпкенов 3 және 4 санаттар бойынша (мамандар мен білікті жұмысшылар) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 4,7 мың адамға қысқартылғанын айтты.

"Жаңа жұмыс орындарын құру өңірлік жұмыспен қамту карталарын өзектендіру және ақпараттық жүйені тұрақты жаңарту арқылы бақыланады", – деп толықтырды Серік Шәпкенов.