Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Фрилансерлердің қызметін мемлекет бақылауына алмақ

Фрилансерлердің қызметін цифрлық форматқа өткізу мақсатында «платформалық жұмыс» электрондық сервисін әзірленеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Фрилансерлердің қызметін мемлекет бақылауына алмақ
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.

 «Бүгінгі күні еңбек нарығында 300 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар азаматтық келісімшарттар негізінде жұмыс атқаруда. Тапсырыс берушілер мен орындаушылардың арасындағы қарым-қатынас - күрделі процесс. Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшінің құрамында 60 пайызға жуығы жұмысшы мамандықтары бойынша тартылады. Осы мәселелерді ескере отырып біріншіден, министрлік фрилансерлердің қызметін цифрлық форматқа өткізу мақсатында «платформалық жұмыс» электрондық сервисін әзірлейді. Бұл әртүрлі платформаларда өз бетінше жұмыс істейтін азаматтардың қызметін оңай тіркеуге, қажет мамандарды тез арада табуға, еңбек құқықтарын қорғауға және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, екіншіден, 3 және 4 санаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 4,7 мың адамға қысқартылады. Үшіншіден, жаңа жұмыс орындарының құрылуы өңірлік жұмыспен қамту карталарын өзектендіру және ақпараттық жүйені тұрақты түрде жаңарту арқылы мониторингіленетін болады.

«Аталған іс-шаралар халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға және ішкі еңбек нарығын қорғауға мүмкіндік береді», - деді Серік Шәпкенов.