Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Бірдеңесі кем» - Мейіржан Төребаев әкесінің өлім себебін айтты

Актер, вайнер Мейіржан Төребаев әкесінің өлімі жайлы айтты. Сөзінше, әкесі жүрек талмасынан 2015 жылы көз жұмған. Оған шұғыл ота жасау керек болған. Алайда полиция қызметкеріне пара бермегендіктен, отаға қажетті квотаны уақытында алып үлгермеген, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бірдеңесі кем» - Мейіржан Төребаев әкесінің өлім себебін айтты

"Әкем зейнетке шығып, немерелерін бағуды армандады. 2014 жылы ата-анам Қазақстанға көшіп келді. Әкемнің денсаулығында сол кездің өзінде кінәрат бар еді, жүрегіне ота жасау қажет, ал ол үшін Қазақстан азаматтығын алуы керек болды", - дейді Төребаев. 

Актер азаматтықты алу үшін құжат жинағандарын айтады. Алайда құзыретті органдар "бірдеңесі кем" деген сылтаумен отбасын қайта-қайта кері қайтарған. 

"Құжатты алу үшін параны қолға беру керектігін кейін білдім. Бермесең, қанша рет өткізсең де, құжаттарың дұрыс болмайды екен. Ол кездерде құжат тапсырғаннан кейін, үш айдың ішінде тұруға ықтиярхат алуға болатын еді. 

Жемқорлық болмағанда, әкемнің жүрегіне ота жасатып үлгерер едік. Ақырында тұруға ықтиярхатты тек бір жылдан кейін алдық. Әкемізге енді квота арқылы ота жасата аламыз деп қуандық, бірақ бірнеше күннен кейін оның жүрегі тоқтап қалды. 

Егер құжаттарды тиісті мерзімде алсақ, әкем тірі болар еді. Бірақ полиция майорының сол параға мұқтаж болғаны сондай, адам өмірін қиюға тұрған екен", - дейді актер.