Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әкім түркиялық қонаққа тиесілі шапанды өзі киіп, күлкі болды (ВИДЕО)

"Түркиялық қонаққа арналған шапанды өзі киіп алған": Желіде Шөкеев жайлы күлкілі видео тарады. Осы жағдайдың видеосы да тарап кетті. Әлеуметтік желіде көпшілік Түркістан облысының әкімінің әрекетіне күліп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kzulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Әкім түркиялық қонаққа тиесілі шапанды өзі киіп, күлкі болды (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөз

«Түркістан облысының тоңмойын Әкімі Шөкеев, «Түрік Елі вице—президенті Октай мырзаға шапан кигізілсін» деп түрік тілінде хабарланғаннан кейін кигізуі керек болған шапанды, өзі киіп алыпты. Не қазақша, не түрікше білмейтін мақұлық неме масқара болды», - деп қатты сынға алады әкімді Төртуыл Шоқан атты әлеуметтік желі қолданушысы.

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек те осы жағдайға қатысты пікірін жазған.

«Қонаққа кигізетін шапанды Шөкеев өзі киіп алды!”-дейді… Түркістанға Түркия вице- президент Фуат Октай келген кештен түсірілген видео. Міне біздің әкімдердің деңгейі, “бәрін өзім кие берсем”, “бәрін өзім жи берсем”…. Видеоны түсірген қызды тауып алып қысым жасап кешірім сұратып, “мен қате түсініп қалдым”-, деп айтқызуы әбден мүмкін! Шөкеевтің командасы тек солай қорқытып үркітіп жұмыс істейді!» - дейді ол.