Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстандықтардың кредиті көбеюі мүмкін

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді.

Қазақстандықтардың кредиті көбеюі мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк 2020 жылы қазақстандықтардың депозиті мен кредиті ұлғаяды деп болжап отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді.

Айтуынша, жыл басынан бері экономикадағы кредит 3,5%-ке немесе 480,6 миллиард теңгеге ұлғайып, қыркүйектің соңында 14,3 триллион теңгені құраған. Соның ішінде ұзақ мерзімді кредит 4,5 процентке, 12,4 триллион теңгеге дейін өссе, қысқа мерзімді несиелер 2,4%-ке азайып, екі триллион теңгеге жетті.

"Біздің болжамымыз бойынша 2020 жылы депозиттер мен кредиттер іскерлік белсенділіктің баяулауы аясында аздап ұлғаяды", – деді Баймағамбетов Сенат отырысында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қарау барысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, банк жүйесіндегі депозиттер қыркүйек айының соңында 21,4 триллион теңгені құраған. Жыл басынан бері депозиттер 12,4 процентке ұлғайған.

Баймағамбетов теңге активтерін қорғау бойынша жедел шаралар нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі тоғыз айдың қорытындысы бойынша 40,9 процентке дейін төмендегінін атап өтті.

Еске салсақ, Қазақстанда қарыз алушылар үшін кредиттік рақымшылық жасау туралы ұсыныс қолдау таппады. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің "Халық коммунистері" фракциясы депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған еді.