Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Нашақорлардың мекеніне айналған»: Атырау тұрғындары үреймен өмір сүруде

Атыраудағы Береке ықшам ауданы тұрғындары үреймен өмір сүруде деп хабарлады Paryz.kz, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Нашақорлардың мекеніне айналған»: Атырау тұрғындары үреймен өмір сүруде
Сурет: Turkystan.kz

Олар көпқабатты үйлердің маңында шашылған қанды шприцтерді жинаудан да шаршапты. Әлеуметтік желіге жариялаған видеодан соң ықшамаудан халқы күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған. Олар есірткі секілді әсер беретін «трамадол», «тропикамед» препараттарын емін-еркін сатуға шектеу қойылуын сұрайды. Мектептен таяқ тастам жердегі көпқабатты үйлердің қуыс-қуысы нашақорлардың мекеніне айналған. Тұрғындардың айтуынша, шашылған қанды шприцтер соның дәлелі. Тіпті жаңа ғана пайдаланылғандары да анық көрінеді. Бүгінде мұндағы бұқарадан маза қашқан. Олар балалары үшін алаңдайды.

Олар шприцтерді жинап тастағанымен, жаңасы күнде пайда болатынын айтады. Полицияға да барған. Ал олар психотропты препарат сататындарға айыппұл салудан әріге бара алмайтындарын айтқан.

Дәрігерлер де ауруханаға трамадолды көп мөлшерде қолданғандардың жиі түсіп жатқанын  хабарлады.

«Аталған «Береке» ықшам ауданынан сол күні осындай дәрілерді сатумен айналысқан азаматша ұсталып, оны тәркілеу барысында одан неше түрлі психотроптық дәрілер тәркіленіп алынды», – деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.