Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

"Шетелге ақша аударатындар көбейді" - Ұлттық банк

Шетелге аударылған қаражаттардың негізгі үлесі Ресей Федерациясына, Қырғызстанға, Өзбекстан және Түркияға тиесілі.

 

"Шетелге ақша аударатындар көбейді" - Ұлттық банк
Фото: ашық дереккөз

2020 жылдың алғашқы тоғыз айында халықаралық жүйелер арқылы ақша аударымдарының жиынтық  мөлшері 793 млрд теңгеге жетті.  Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 3,4%-ға жоғары. Бұл туралы paryz.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстаннан басқа елдерге ақша аудару көлемі 16,6%-ға көбейді, ал шетелден Қазақстанға аударылған ақша 21,4%-ға қысқарды. Дегенмен ел ішіндегі ақша аударымдары 10,6%-ға артты.

Шетелге аударылған қаражаттардың негізгі үлесі Ресей Федерациясына, Қырғызстанға, Өзбекстан және Түркияға тиесілі. Керісінше, Қазақстанға қарай жасалған ақша аударымдары, негізінен, Ресей Федерациясынан, Оңтүстік Кореядан және Қырғызстан мен Өзбекстаннан жүзеге асырылды.

Шетел аударымдарының орташа сомасы – 317 мың теңге болса, Қазақстанға – 219 мың теңге.