Балаларға арналған шетелдік арналар қазақша сөйлейтін болды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров жақында ТИЖИ /TiJi/, НИКЫЛОДЕОН /NICKELODEON/ арналарының балалар контенті қазақ тілінде жарық көретінін айтты.
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің жұмысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бағаланады. Асқар Умаров ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, бұл БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен талқыланатын болады. Әрі ақпарат саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспар шеңберінде жүргізіледі. Сонымен қатар қазақ тілді интернет-ресурстарды, мультимедиалық контентті және онлайн-платформаларды дамыту көзделіп отырғанын айтты.
Тағы да бір маңызды мәселе – этносаралық қатынас саласы. Министрліктің бастамасымен 2021 жылы Еуразия ұлттық университетінде «этнополитология» мамандығы бойынша магистратура ашылды. Мұндай курс Қазақстан мен Орта Азияда бұрын-соңды болған емес. Этносаралық қатынастың өзекті мәселелері бойынша 15 адмистерлік ұсыным әзірленді, 23 семинар тренинг ұйымдастырылды. Мемлекеттік және азаматтық сектордан 3000-нан астам адам қамтылды. Халық бірлігі мен келісімінің қазақстандық үлгісін насихаттау мақсатында 4 облыста республикалық дәріс ұйымдастырылды. Дәріске 2000-нан астам адам қатысты, - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров.