“Украин қыздары ел қорғап жүр, ал қазақ жігіттерінің түрі мынау”. Әйелдің киімін киіп билеген жігіттер елдің ашуын келтірді деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-Orda.kz-ке сілтеме жасап.
“Адай қызы” атты Facebook парақшасында жарияланған видео көпшіліктің ызасын келтірді.
“Қазақ еліміздің ел қорғаушы жігіттері”, – деген жазбамен жарияланған бұл видеоға желі оқырмандары сан түрлі пікірлер жазды.
“Ұятсыздар”,”Қазақтың намысын қорғайма десек, таптайтын сияқты ғой бұлар”, “Украинаның жау-жүрек қыздарынан төменсіңдер”, “Масқара, Отан қорғайтын жігіттердің түрі”, “Ұят дейтін үш әріп қалмаған заман”, “Эх, жігіттер-ай”, “Ұстап алып ұрсаң ғой аямай”, “Сорлы қазағым-ай”,-деп жазды желі қолданушылары.