Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Көбі саяхаттауға қорқады»: Мамандар шетелге демалуға барудың қазіргі құнын айтты

Бірқатар отандық компаниялар Түркия, Мысыр, Шри-Ланка және Мальдив аралдарындағы қонақ үйлерге орналасуға жеңілдіктер енгізген, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

«Көбі саяхаттауға қорқады»: Мамандар шетелге демалуға барудың қазіргі құнын айтты
Сурет: exk.kz

Tengritravel.kz хабарлауынша, қазіргі аласапыран уақытта шет елге шығып, демалатын адамдардың саны азайған. Соған байланысты туристерді қабылдаушы компаниялар мен қонақ үйлер арзандатылған бағамен қызмет көрсете бастады. Нәтижесінде наурыз айында шетелге шығу құны әжептеуір арзандап отыр.

Қазір көп адам саяхаттауға қорқады. Сондықтан нарықтағы баға төмендеп кетті. Әсіресе, қонақ үйге орналасуға біраз жеңілдіктер бар,

— дейді туристік компания басшысы Салтанат Омарова

Осының арқасында шет елге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтардың саны артқан көрінеді. Мамандар, әсіресе, жаз мезгілінде туристер легі көбейеді деп отыр.