Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елордада 21 шетелдік такси қызметімен заңсыз айналысқан

Нұр-Сұлтанда такси қызметімен заңсыз айналысқан шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz.-ке сілтеме жасап. 

Елордада 21 шетелдік такси қызметімен заңсыз айналысқан
Сурет: Turkystan.kz

21 шетелдік азамат «Яндекс», «Uber» қосымшалары арқылы такси қызметімен заңсыз айналысқан. Олардың жолаушы тасымалдауға рұқсат беретін лицензиясы болмаған.

«Аталған шетелдіктерге ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 463-бабы бойынша, яғни «тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе тиісті хабарлама жіберместен кәсіпкерлікпен немесе өзге қызметпен айналысқаны» үшін 15 АЕК (45 945 теңге – ред) мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сот іс материалдарын ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 517-бабын, яғни «шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды жұмысқа орналастыру заңнамасын бұзу» мәселесі бойынша қарады. Сот қаулылары негізінде 8 жүргізуші Қазақстан аумағынан шығарылды. Қалған 13 жүргізуші аталмыш бапты бұзғаны үшін 25 АЕК (76 575 теңге – ред) көлемінде айыппұл арқалады» деп жазылған департаменттің хабарламасында.

Олар жүргізіп келген автокөліктер коммуналдық айып тұрағына қойылды.