Ғаламторда ту тұғырдың астына келіп қажетін өтеген азаматтың әрекеті қызу талқыланып жатыр. Оқиға Алматы облысында болған, деп хабарлайды Paryz.kz, Эксперсс К.-ға сілтеме жасап.
Өзін журналистпін деп таныстырған ер азаматтың кім екені әзірге белгісіз
Қазақстан туының астына келіп, шаптырған ер адамның әрекеті көптің ашуын туғызды. Ыңғайсыз жағдайды куәгерлердің бірі телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге таратты.
Ашуға мінген бейнежазба авторы тутұғырдың астына қажетін өтеп, рәмізді қорлаған адамды жауапқа тартқысы келетінін айтып жатыр. Ал бейнежазбадағы ер адам өзінің бұл әрекетіне қымсынудың орнына, өзінің журналист екенін айтып, қызметтік куәлігін көрсетеді.
Бірақ кейіннен ол өзі бүлдірген жерді тазалайды.