Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алмаз Ержан "Қазақстан халқына" қорына ренжіген бе?

Қоғам қайраткері әрі блогер Алмаз Ержан "Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесінен шығатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Алмаз Ержан "Қазақстан халқына" қорына ренжіген бе?
Сурет: Kazislam.kz

"Себебі: Бұл жеке өзім үшін пайдалы емес! Сонымен қатар өз тиімділігімді сезінбеймін. Ал мен басқа адамдардың миллиардтаған ақшасы үшін тегін жауапкер болғым келмейді", - деп жазды Ержан.

Блогердің сөзінше, "оны ешкім қумаған, қысым көрсетпеген және көндіруге тырыспаған".

"Бұл шешімді мен 100% өзім қабылдадым", - деп түсіндіреді ол.

Ержанның айтуынша, оның қорға қатысты талабы немесе "ешқандай реніші" жоқ.

"Келесі жолы Алмаз Ержанның осындай жобаға қатысуын қаласаңыз, Алмаз Ержанды осындай жобаның төрағасы немесе жетекшісі етіп тағайындап, оған өз командасын жинауға мүмкіндік беруді ұсынамын. Сонда ғана мен әр тиын үшін есеп беретін боламын. Ал мен басқа біреудің алтын сандығы бар түйеге артылған керуеннің жәй күзетшісі болғым келмейді!", - деп түйіндеген ол.

Алмаз Ержан жазба астындағы пікірлердің біріне өзінің қамқоршылық кеңестің мүшесі болғанын айтады.

"Мен қамқоршылық кеңестің мүшесі болдым. Ал қамқоршылық кеңес жалақы алмайды. Білуімеше, жалақыны тек қызметкерлер алады", - деп жауап берген ол.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Қазақстан халқы" қорының есепшотына 123,5 млрд теңге аударылған.