Біртанов қамауға алынды

"Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды", - деп хабарланды комитеттен.

Біртанов қамауға алынды
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынды. Бұл туралы paryz.kz Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оны қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланған.

"Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды", - деп хабарланды комитеттен.