Ақтау қаласында жолдың қақ ортасында шомылған жігіттер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Paryz.kz, "Тараз 24"-ке сілтеме жасап.
Олар бейнежазбаны өз әлеуметтік желілеріне жариялаған.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті жаяу жүргінгішілердің жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін азаматтар әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.
Жігіттер бұл әрекеттерін бәстен ұтып шығу мақсатында жасаған.