Қарулы күштердің бас штабы ЛГБТ өкілдерінің әскерде қызмет етуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
ЛГБТ өкілдері әскерде қызмет ете ала ма және адамның жыныстық бағдары әскерге шақырудан бас тартуға себеп болуы мүмкін бе?"- деген сұрақ қойылды ОҚК брифингінде.
"ЛГБТ өкілдері - Қазақстан Республикасындағы барлық азаматпен тең және олардың мерзімді әскери қызметтен өтуіне ешқандай құқықтық кедергі жоқ. Олар қызмет ете алады. Бізде Конституция бойынша ешкімді кез келген мән-жайға қатысты кемсітуге болмайды", - деп жауап берді Қазақстан Қарулы күштері бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов.
Журналист комиссия адамның жыныстық бағыт-бағдарын ескереді және соның негізінде шешім қабылдай алады деген Желідегі хабарламалар туралы айтты.
Маған күн сайын ондаған қоңырау түседі, ата-ана да, әскер жасындағы азаматтар да хабарласады. Бірақ олардың бас тартқан жағдайын естімеймін. Өйткені шешім қабылдайтын дәрігерлер комиссиясы немесе шақыру комиссиясы мәселені жан-жақты қарайды. Бірақ бар заңдарды ешкім бұзбайды. Тағы бір сұрақ - денсаулықта басқа ауытқулар болса, оның ішінде - психикалық. Бірақ тағы да айтамын, мұндай санаттағы азаматтарды Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қызмет етуге шақырудан бас тартуға ешқандай заңдық кедергі жоқ. Егер нақты жағдай болса, мен әрбір азаматпен өзім сөйлесіп, осы мәселеге қатысуға дайынмын, - деп сендірді Жүсіпов.