Мессенджерлерде тараған ролик Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде Қазақстанның танымал әншілерінің "түкірігі" құтыға құйылып, сатылып жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Ел тұрғындарының басым бөлігі бұл ақпаратты тура мағынада қабылдаған. StopFake басылымы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, видеоны редакторлар әзіл үшін жасағанын хабарлады. Бұл туралы экранның төменгі жағындағы жүгіртпе жолда да жазылған.
"Бұл әзіл видео көңіл көтеру мақсатында жасалып, тарап жатыр. Сюжеттегі көрініс толығымен ойдан шығарылған және қосымша материалдар ретінде YouTube видеохостингінде қолжетімді видеолар қолданылған", - делінген жазбада.