Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«GPARK» 1,1 млн теңге айыппұл төлемей, жазаға ұшырады

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департамент «GPARK» ЖШС қатысты ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін әкімшілік іс қозғап, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

«GPARK» 1,1 млн теңге айыппұл төлемей, жазаға ұшырады
Сурет: Turkystan.kz

Бұған дейін монополияға қарсы департамент елордада бастапқы тұрғын үйді сату тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау шеңберінде, нарық субъектілерінің атына қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұрау жіберген болатын. Бірақ бұл компания бұл өтінішті ескермеген.

«GPARK» ЖШС ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбауына байланысты кәсіпорынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік іс ашылды. Құрылыс компаниясы орта кәсіпкерлік субъектісі болып саналатындықтан оған 1,1 млн теңгенің (360 АЕК) айыппұлы салынды.

Аталмыш компанияның айыппұлды белгіленген мерзімде төлемегендіктен елордалық монополияға қарсы департамент әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды. Алдағы уақытта іс мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жіберілетін болады. Бұл ретте «GPARK» ЖШС монополияға қарсы департаменттің сұрау салуы бойынша ақпарат ұсынудан босатылмайды», – делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында.