Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

COVID-19: бірқатар өңірде эпидемиологиялық ахуал нашарлады

Тек өткен тәулікте тағы 449 адамнан коронавирус анықталды.

COVID-19: бірқатар өңірде эпидемиологиялық ахуал нашарлады
Фото: ашық дереккөз

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың қатары қайта өсіп келеді, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Тек өткен тәулікте тағы 449 адамнан коронавирус анықталды. Оның 226-сы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Қауіпті дерт осы аймақта, әсіресе, дендеп барады.

Жергілікті билік шектеу шараларын күшейтті. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстарында да эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде нашарлап барады.

Жалпы ел бойынша науқастар саны 112 мыңнан асып кетті.