Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Наурыз мейрамы күндері қосымша пойыздар жүреді

Наурыз мейрамы күндері қосымша пойыздар жүреді, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Наурыз мейрамы күндері қосымша пойыздар жүреді
Сурет: Halyk-uni.kz

Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша коммерциялық пойыздарды іске қосады:

  • «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Шымкент» бағытындағы №202/201 пойызы елордадан 2022 жылғы 18, 21 және 24 наурызда жөнелтіледі. Шымкенттен 2022 жылғы 19, 21 және 25 наурызда кері қайтады;
  • «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы-1» бағытындағы №204/203 пойызы елордадан 2022 жылғы 18 және 21 наурызда жолға шығады. Сол пойыз 2022 жылғы 19 және 22 наурызда кері қайтады;
  • «Ақтөбе-Атырау» бағытындағы №206/205 пойызы Ақтөбеден 2022 жылғы 18 және 20 наурызда, ал Атыраудан 2022 жылғы 19 және 21 наурызда жолға шығады;
  • «Алматы-2-Шымкент» бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 2022 жылғы 18 және 20 наурызда жөнелтіледі. Бұл пойыз 2022 жылғы 19 және 21 наурызда кері қайтады.

Бұдан басқа, «Қазақстан темір жолы» мәліметінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара ашылғанға дейін төрт халықаралық пойыз маршруттары уақытша қысқарады. Олар облысішілік қатынаста жүреді:

  • «Алматы-2-Саратов» бағытындағы №7/8 пойызы Орал станциясына дейін қысқарды. Ол Алматыдан 2022 жылғы 1 наурыздан тақ күндері, Оралдан Алматыға 2022 жылғы 4 наурыздан жұп күндері шыға бастайды;
  • «Қарағанды-Омбы» қатынасындағы №145/146 пойызы Петропавл станциясына дейін қысқарды. Бұл құрам Қарағандыдан Петропавлға және кері қарай 2022 жылғы 2 наурыздан бастап жұп күндері жүреді;
  • «Алматы-2-Новосибирск» бағытындағы №301/302 пойызы күнара жүрумен Семей станциясына дейін қысқарды. Ол Алматыдан 2022 жылғы 2 наурыздан бастап жұп күндері жолға шығады. Кері бағытта дәл осы пойыз 2022 жылғы 3 наурыздан бастап тақ күндері жүре бастайды;
  • «Атырау-Астрахань» бағытындағы №625/626 пойызы күнара қатынаспен Дина Нұрпейісова станциясына дейін қысқарды. Атыраудан кері бағытта құрам 2022 жылғы 2 наурыздан бастап жұп күндері жүреді.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. 19 бен 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді. Осылайша, наурызда азаматтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 әрі 23 наурызда демалады.