Алдағы 2024 жылы ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл болады. Ал қылқалам шеберінің алтын бесігі Панфилов ауданы Алтыүй ауылындағы Ә.Қастеев атындағы мектептің жағдайы жан аярлық, деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы облысында іс-сапарда жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әжімжан айтты.
–Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша мектептің жағдайымен арнайы барып таныстық. Ашығын айту керек, білім ошағының бүгінгі жай-күйі адам аярлық… Бұл ауылға жаңа мектеп салу керек. Қолданыстағы 730 бала оқитын мектеп қабырғасы сетінеп қираудың аз-ақ алдында тұр. Шәкірттер «тас дәуіріндегі» партада отыр, – деді ол.
Депутат осы проблеманы бақылауда алатынын айтты.