Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Жасыл Даму" шотындағы 200 млрд теңге халықтың игілігіне жұмсалмақ

"Жасыл Даму" шотындағы 100 млрд теңге жеңілдетілген автонесие беруге бағытталатын болады. Несиенің жылдық мөлшерлемесі - 4 пайыз, бастапқы жарна қажет етілмейді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Жасыл Даму" шотындағы 200 млрд теңге халықтың игілігіне жұмсалмақ
Сурет: ашық дереккөз

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Склярдың айтуынша, "Жасыл Даму" шотындағы 200 млрд теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс. Сол себепті, олардың жартысын, яғни 100 млрд теңгесін қазақстандықтарға жеңілдетілген автонесие беруге жұмсау туралы шешім қабылданған.

Несие 4 пайыздық жылдық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасыз, жеті жыл мерзімге беріледі. Қазіргі жеңілдетілген бағдарлама бойынша жеті жылға беріліп жатқан несиенің бастапқы жарнасының көлемі 20 пайызға, жылдық мөлшерлемесі 4 пайызға тең еді, - деді Роман Скляр.

Бұл бағдарламамен еліміздің 71 мың азаматы несиеге көлік алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, 30 млрд теңге автобустық паркті жаңартуға бағытталатыны айтылды.

30 млрд теңгені автобустық паркті жаңартуға бағыттаймыз. Бұл қажеттілік бұрыннан бар, бірақ оны жүзеге асыруда қиындықтар жоқ емес. Тасымалдаушылар үшін белгілі бір пайыздық мөлшерлемесі бар автобус сатып алу тиімсіз. Сондықтан тасымалдаушыларға бұл автобустарды 7 жыл мерзімге нөлдік мөлшерлемемен сату туралы шешім қабылданды, - деп мәлімдеді Скляр.