Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Маңғыстаудағы аттракциондардың бірінде баланың көкірегіне оқ тиген

Маңғыстау облысында жасөспірім баланың көкірек қуысынан пневматикалық тапаншадан атылған оқ алынды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстаудағы аттракциондардың бірінде баланың көкірегіне оқ тиген
Сурет: Stan.kz

16 жастағы жігіт абайсызда аттракционда (тир) ойнау кезінде жарақат алған. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсембаев Facebook-те жазды.

Оқиға 19 ақпан күні болған. Пневматикалық тапаншадан жарақаттанған жігіт облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Жанында болған адамдардың сөзінше, жасөспірім "Ақбота" саябағындағы аттракциондардың бірінде абайсызда жарақаттанған. 

Баланы толық тексерістен өткізгеннен кейін, 22 ақпан күні дәрігерлер оған ауыр ота жасаған. Ота 40 минутқа созылған. Заманауи эндоскопия құрылғысының арқасында ота еш кедергісіз өткен. – Кері жағдайда, көкірек қуысын ашуға тура келер еді, дейді дәрігерлер. 

"Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Қарумен ешқашан ойнамаңыздар", - деп жазды автор.